Жолдауда қазақстандықтардың өмір деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған маңызды міндеттер айқындалған - ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі С. Мұқашев.

МИНСК. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қысқа, бірақ мазмұнды Жолдауы Қазақстанның алдағы 10 жылдықтағы дамуының маңызды он бағытын қамтиды.

Жолдауда қазақстандықтардың өмір деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған маңызды міндеттер айқындалған - ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі С. Мұқашев.

Бұл пікірін ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі, заң ғылымының кандидаты Сүлеймен Мұқашев білдірді, деп хабарлады БР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен. 

«Этникалық қазақ ретінде туған елімде болып жатқан маңызды саяси және басқа да үрдістерді әрдайым бақылап, қызығушылық білдіріп отырамын», -деді ол.

С. Мұқашевтың айтуынша, Жолдауда қазақстандықтардың өмір деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған маңызды міндеттер айқындалды. Онда білім беру процесінде  партиоттық, адамгершілік пен өнегелік,  ұлтаралық келісім мен төзімділік,  физикалық және рухани даму мәселелерін қамтитын - тәрбие беру құрамдасын күшейтуге қатысты аса маңызды сұрақ көтерілді.

Жолдауда басым назар индустриялық-инновациялық жобаларға берілді. Олар Балқаш ЖЭС-ның бірінші модулінің құрылысы, 1200 шақырымға созылған «Жезқазған-Бейнеу» және Арқалық - Шұбаркөл - 2 теміржол желісінің құрылысы. Сондай-ақ құны 1,7 млрд. доллар тұратын Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдеу кешенін салу және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтау бар. Бұлар халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешуге және нәтижесінде Қазақстанның экономикалық бейнесін өзгертуге мүмкіндік беретін ауқымды жобалар. 

«Жолдауда айқындалған тапсырмаларды іске асыру барысында  Қазақстанның халқына сәттілік тілеймін», -деді С. Мұқашев.