Жөндеу жұмыстарына байланысты Ж. Нәжімеденов көшесінде қозғалыс шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Ж. Нәжімеденов көшесінің Қ. Аманжолов көшесінен Ұлы Дала даңғылына (А-52 к-сі) дейінгі аралығында жол төсеміне жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Осыған байланысты, 4-9 маусым аралығында осы учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Еске сала кетейік, 4–5 маусымы аралығында Ақан Сері көшесінің Н. Тілендиев даңғылынан Қараменді би Шақаұлы көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемесінің үстіңгі қабатын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
31 мамыр мен 15 маусым аралығында Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бүгін сондай-ақ Астанада 5 маусымнан 5 шілдеге дейін Төле би көшесінің Бұхар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі аралығында жол жамылғысын жөндеу жүргізілетіні хабарланды.