Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — 31 мамыр мен 15 маусым аралығында Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

а
Фото: Алатау әкімдігі

Осыған байланысты аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Дегенмен көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.

Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: Астана әкімдігі

Бұдан бұрын «Астана қаласының айналма жолы» автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектелетінін жаздық.