Жұлдыз Сүлейменова: «Қоғамдық бақылау туралы» Заң халықтың игілігіне арналды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қоғамдық бақылау туралы» және қоғамдық бақылау, әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Бұл заңдарды халық көптен күткен құжат деп атауға болады. Себебі, заң әділетті мемлекет құрудағы қоғамдық қатынастарды реттеуге нақты механизмдерді қарастырған. Бұл пікірді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пікір

Оның пайымынша, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның басты мақсаты – азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету.

"Енді аталған заң нақты қай проблемаларды шешеді? – деп нақты толқталатын болсам. Біріншіден, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысының «ашықтығы» деңгейі жоғарылайды. Екіншіден, азаматтардың мемлекет істерін басқаруға ұмтылу деңгейі өседі. Үшіншіден, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің деңгейі жоғарылайды.

Ілеспе заң арқылы мемлекеттік органдардың петицияны қарау мерзімдері орталық мемлекеттік органдар үшін 40 күн, ал жергілікті атқарушы органдар үшін 20 күн болды.

Сондай-ақ, қоғамдық-экологиялық бақылау жүзеге асырылатын субъектілер саны артты және әскери оқу орындары тәрбиеленушілері мен ұландарының, кадеттері және курсанттарының өмірі мен тұрмысын көру үшін жақын туыстарына баруға рұқсат етілді. Бұл дегеніміз әскери курсанттардың жақын туыстары туған ата-анасы осы әскери оқу орындары мен бөлімшелерге бара алады, тамақтануы, тәртібімен танысуына мүмкіндік бар", - деді мәжілісмен.

Ол әкімшілік және рәсімдік процесстік кодексте петицияларды беру және қарау тәртібі бекітіліп отырғанын да атап өтті. Петицияны Қазақстан Республикасы азаматтары арнайы интернет порталы арқылы бере алатын болады. Уәкілетті орган петиция жария болағанға дейінгі заңда бекітілген шарттарға сәйкестігін қарайды. Сонымен қатар, петицияға берілген күннен бастап электронды түрде 10 жұмыс күні ішінде, ал қағаз күйінде 20 жұмыс күні ішінде елімізде 50 азамат қосылуы қажет.

"Петицияны міндетті түрде қарау үшін оларды қолдайтын дауыстың шекті мәндері бекітілді. Аудандық деңгейде аудандық әкімдіктер қарауы үшін халқы 50 мыңнан асатын болса 2,5 мың дауыс жинауы тиіс, халық санының кемінде 5 пайызы. Ал аудандық деңгейдегі мәслихаттар қарауы үшін халқы 50 мыңнан асатын болса 5 мың дауыс болуы шарт, яғни халық санының кемінде 10 пайызы керек. Облыстық деңгейдегі әкімдіктер үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының 1 пайыз дауысы және облыстық деңгейдегі мәслихаттар қарайтын петиция тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік тұрғындарының кемінде 2 пайызы болуы шарт. Ал Республикалық деңгейде үкімет қарайтын петиция кемінде 50 мың дауыс жинауы абзал.

Бұған дейін әр түрлі ресурстарда болған бір ресурста болады. Сосын дауыстың шекті мәнін айтып өттім, сол шекті мәні жиналған жағдайда мемлекеттік органдарда қаралады. Олар ауданда әкімдік, аудандық мәслихат облыстық әкімдік пен облыстық мәслихат және республика деңгейінде - үкімет. Сол қараудың негізінде шешім қабылданады, немесе петицияны қанағаттандырудан дәлелді бас тарту туралы уәжді жауаптары да авторларға жолданатын болады. Бұның барлығы заңмен реттеліп отыр. Бүгінгі таңдағы бейберекетсіздікті реттеуге арналып отыр. Бұл да бір саяси мәдениеттің, сонымен қатар билік пен бұқараның арасындағы саяси диалогтың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді деп ойлаймын", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, заң мемлекет пен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылау саласындағы өзара іс-қимылының мәнін, қағидаттары мен стандарттарын бірыңғай түсінуді қамтамасыз етеді.

"Қоғамдық бақылауды қалыптастырып, дамыту - қоғамдық бақылау объектілерінің қызметін ел және халық мүддесіне сәйкес жүзеге асыруға негіз болады. Жол, мектеп, бюджет және басқа да сұрақтардың шешімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелердің жүйелі шешімінде билік пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, заң қоғамдық бақылауды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттары мен рәсімдерін, қоғамдық бақылау нысандары мен институттарының құқықтық базасын жүйелейді.

Халықаралық тәжірибеге тоқталар болсақ, халықаралық заңнаманы, жақын және алыс шетелдердің заңнамасын талдағанда қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мәселелері халықаралық шарттар, конвенциялар және салалық заңдар деңгейінде регламенттелгенін аңғаруға болады", - деді депутат.

Мысалы, АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінде «Қоғамдық бақылау» термині» қоғам тарапынан мемлекеттің қызметін бақылауды білдіреді. Қоғам - бақылау субъектісі, мемлекет – бақылау объектісі.

Скандинавия елдеріндегі қоғамдық бақылаудың халықаралық тәжірибесі мемлекеттің бақылаушысы ретінде бүкіл қоғам өзінің әртүрлі институттары: кәсіпкерлік және кәсіподақ, жалпыұлттық, жастар мен ардагерлер, адам құқықтары мен тұтынушылар, сондай-ақ қоғамдық басқарудың әртүрлі салаларындағы қоғамдық ұйымдары арқылы әрекет етуі нақтыланған.

"Англосаксондық құқық жүйесі елдерінде қоғамдық бақылауды негізінен көптеген қоғамдық ұйымдар жүзеге асырады, олардың кейбіреулерінің тиімділігі ерекше назар аударуға тұрарлық. Еуропалық Одақ аясында қоғамдық ұйымдар тікелей қоғамдық бақылау органдарын құра алады", - деп атап өтті мәжілісмен.