Журналистер арасында қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар туралы ең үздік туындыларға байқау жарияланды
Байқауға Ресей мен Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында 2015 жылдың 1 қаңтары мен 20 қарашасы аралығында жарияланған туындылар қатыстырылады. Байқауға қатысуға өтінімдер 2015 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 2015 жылдың 10 желтоқсанында жарияланады. Байқауға қатысу үшін бекітілген нұсқадағы өтінімді, газет (журнал) нөмірін немесе шыққан мерзімі көрсетілген материал көшірмесін ұсыну керек. Радио және телевизия журналистері шыққан мерзімі көрсетілген сюжеттер көшірмесін немесе сандық форматтағы жазбаларын ұсынады. Байқауға қатыстырылатын туындылар қазақ және орыс тілінде қабылданады және олар бірнеше авторлардың біріккен шығармашылығы (шығармашылық ұжымның, редакцияның) бола алады. Өтінімдер мен материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: 101000, Мәскеу қ., Чистопрудный гүлзары, 3а немесе электронды пошта: konkurs.kazembassy@mail.ru. Шығармалар «Қазақстан-Ресей: ынтымақтастық және аймақаралық интеграция», «Қазақстан-Ресей: еуразиялық интеграцияға үлес», «Қазақстан-Ресей: елдер және адамдар» номинациялары бойынша бағаланады. Әр аталым бойынша бір жеңімпаз бен екі жүлде тағайындалады. Шешімді байқау қазылары дауыс беру арқылы қабылдайды. Байқау жеңімпаздары мен лауреаттары естелік дипломдар мен сыйлықтар иеленеді.