Жыл басынан бері Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымының тұрақты өсімі байқалуда - ҚР Президенті

МИНСК. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Беларусь - Қазақстанның маңызды саяси және экономикалық әріптестерінің бірі.
None
None

Бұл туралы ҚР Президентінің Беларусь мемлекетіне жасаған ресми сапары аясында Минскіде өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөздердің нәтижесі бойынша Елбасы Н.Назарбаев мәлім етті.

«Беларусь - Қазақстанның экономикалық және саяси маңызды әріптестерінің бірі. Біздің қарым-қатынастарымызды дәстүрлі түрде прагматикалық тәсілдер ерекшелендіреді», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстан ТМД аясында Беларусьтің ірі сауда-экономикалық әріптестерінің «үштігіне» кіретіндігін атап өтті.

«Ағымдағы жылдың басынан елдеріміз арасындағы тауар айналымының тұрақты өсімі байқалуда. Тек қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тауар айналым 80 пайызға өсті», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар