Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібінің өсімі 106 пайыздан асты - Индустрия министрі

«2022 жылғы бірінші тоқсанда өңдеуші өнеркәсіпте оң үрдіс байқалып, жиынтық көрсеткіш 106,5 пайызды құрады. Машина жасау саласында 11,3 пайыз өсім болды. Автокөлік құралдарын, трейлерлер мен жартылай тіркемелерді, машиналар мен жабдықтарды шығару, өзге көлік құралдарын, компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтарды, электр жабдықтарын өндіру, жөндеу және орнату артты. Түсті металлургияда нақты көлем индексі 106,1 пайызды құрады. Тазартылған мыс, құйма алтын, катодты мыс, тазартылған алтын шығару көлемі ұлғайды», - деді министр.
Оның дерегінше, қара металлургияда өндіріс көлемі 1,9 пайызға артты.
Болат, шойын, арматуралық прокат, рельстер, фасондық прокат, ферросилиция, болат құбырлар өндірісі ұлғайды.
Құрылыс материалдары өндірісі 112,4 пайыз болды.
Оған жылу оқшаулағыш материалдар, бетоннан жасалған бұйымдар өндірісі), тауар бетоны, кірпіштер және құрылыс ерітінділері өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді.
«Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,8 пайызға артты. Сары фосфор, фосфор-калийлі тыңайтқыш, азықтық трикальций-фосфаты, аммиак селитрасы, аммиак сұйық, азот қышқылы, ерітіндідегі техникалық күйдіргіш натр, хлор өсті. Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 10,6 пайызға өсті. Оған тоқыма бұйымдары, киім және былғары өнімдер өндірісінің өсуі оң әсер етті», - деді Қайырбек Өскенбаев.