Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл межесі: Қызылорда қаласын газдандыру жұмысы толығымен аяқталды

ЗЫЛОРДА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласын газдандыру жұмысы толығымен аяқталды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл межесі: Қызылорда қаласын газдандыру жұмысы толығымен аяқталды

Бұл жұмыс Елбасының тапсырмасы бойынша іске асырылған «Қызылорда қаласының жылу-қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» жобасының аясында атқарылды. Аталмыш жобаның құрылысы 2004 жылы басталды. Оның жалпы сметалық құны 12,8 млрд. теңгені құрады. Осы қаржыға 1 бас газ реттегіш, 28 газ реттегіш және 11 шкафты реттегіш пункттерінің құрылыстары салынды. Сонң арқасында қаладағы 2 ірі жылу және электр қуатын өндіретін өндіріс орнының қуаттылығын арттыруға қол жеткізілді. Атап айтқанда, осы өндіріс орындарында 50 мвт. электр және 90 гигокалория жылу қуаты бар когенерациялық газтурбиналық станса пайдалануға берілді. Ауданаралық жылу орталығының №2 қазандық цехы толық қайта жөндеуден өткізіліп, оның қуаттылығы сағатына 60 гкал. жылу өндіру деңгейіне дейін жеткізілді. Сағатына 37 гкал. болатын қазандық пен 5 блок-модульдік автономды қазандық салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар 473 көпқабатты тұрғын үй (22 235 пәтер) мен 17 095 жеке сектордағы тұрғын үй және 527 коммуналдық-тұрмыстық мекемелер ілеспе газға қосылды. Екі мыңдай жеке үй «көгілдір отынға» қосылуға мүмкіндік алды.

Үстіміздегі жылы қаланы газдандыруға республикалық бюджеттен 875 млн. теңге берілді. Оған қаланың «Шанхай», «Сәулет», «КБИ» және «Жаңа ауыл» шағын аудандарын газдандыру жұмыстары жүргізілді. Оларда 4 газ реттегіш пункті орнатылып, 137 шақырым жоғарғы және төменгі қысымды газ құбырлары салынды. Қазіргі күндері ол аталған шағын аудандар халқының игілігіне жұмыс жасауда. Жалпы, бүгінде жоба аясындағы жоспар бойынша қаладағы 594 көпқабатты тұрғын үй мен 25 мыңға жуық жеке тұрғын үй газдандыруға мүмкіндік алды. Өткен жылы облыс басшылығы мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ арасында әрекеттестік және ынтымақтастық меморандумға қол қоюдың нәти­же­сінде жеке сектордағы тұтыну­шы­лар 99 500 теңгеге газ кіргізіп алу мүмкіндігіне ие болды. Осы келі­сім­нің арқасында 17 095 жеке үй газ жүйесіне қосылды. Өткен жыл­дың басында бұл көрсеткіш бар бол­ғаны 3 507-ге жетті.

Жалпы, маңызды жобаның іске асуы облыс орталығының өндірістік деңгейін дамытып қана қойған жоқ, сонымен қатар ол қала тұр­ғын­дарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартты. Халық игілігі үшін жасалып отырған мұндай ма­ңызды іс алдағы уақытта да жалға­сын табатын болады. Бұл орайда құрылысы биыл басталған «Бей­неу-Шымкент» магистралды газ құбырына артылар үміт зор. Өйт­кені, бұл құбыр облыстың барлық аудандары арқылы өтеді. Бұдан шығатын қорытынды ол облыстағы шалғай елді мекендердің де «көгіл­дір отынға» қосылуына жол ашады. Осы орайда бүгінде «2028 жылға дейін Қызылорда облысының елді мекендерін газдандыру» бағдарла­масы да әзірленіп қойылды. Бұл бағдарлама негізінде облысты толық газдандыру үшін аудандар тұсынан 17 газ реттегіш станса салу межеле­нуде. Ол толықтай іске асырыл­ғанда облыстың даму әлеуеті қазір­гісінен де арта түсетін болады.