Жыл сайын еліміздің ЖОО-лары мен колледждерінде 2800-ге тарта мүгедек оқиды
«Соңғы үш жылда жоғары оқу орындарына квота бойынша 600-ден астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына тағы да 1146 мүгедек қабылданады. Олардың басым бөлігіне жергілікті бюджет қаражаты есебінен стипендия бөлініп келеді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын іске асыру барысында кәсіптік оқу мен қайта даярлауға 478 мүмкіндігі шектеулі азамат жолданып, оның жартысынан астамы жұмыс тапты. Ал 117 мүгедек кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтті», - дейді министр.
Т. Дүйсенованың айтуынша, елімізде мүгедектердің жалпы санының 65,6 пайызы еңбек етуге қабілетті жастағылар болса, оның ішінде 47 пайыздан астамын нәтижелі жұмыспен қамтуға ешқандай кедергі жоқ. «Алайда жалпы алғанда, мүгедектердің 82 мыңы ғана жұмыс істейді. Бұл еңбек ету қабілеті сақталған мүгедектердің 43,5 пайызын ғана құрап отыр», - дейді Т. Дүйсенова.