Жыл соңына дейін ХҚО-лар мемлекеттік қызметтің 114 түрін көрсететін болады

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің жанындағы Мемлекеттік қызметтер мен рұқсат беру құжаттарының сапасы мен қолжетімділігін бақылау және мониторинг жүргізу бойынша республикалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
None
None

Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында және биылғы 28 қарашада аймақ басшыларымен отырысында «Мемлекеттік қызметтерді көрсету  туралы» заң жобасына қатысты, халыққа қызмет көрсетудің сапасын көтеру мен қолжетімдігі, электрондық үкіметті дамыту бойынша берген тапсырмалары талқыланды. Кеңеске ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономикалық даму және сауда, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Көлік және коммуникация министрліктерінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кеңес Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» заң жобасы бойынша жұмыс туралы, сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінің халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жетілдіру, әлеуметтік-маңызды мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жол полициясы бойынша мамандандырылған ХҚО құру мәселелерін тыңдады.

Бүгінде ХҚО-ларда Үкіметтің 2012 жылдың 29 ақпанындағы қаулысына сәйкесмемлекеттік қызметтердің  59 түрі көрсетіледі. Ал ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараты бойынша, үстіміздегі жылдың аяғына дейін ХҚО 114 мемлекеттік қызмет көрсететін болады.   

Соңғы жаңалықтар