ЗК-169/4 мекемесі жанынан кірпіш зауыты ашылды - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында Тартоғай ауылынан кірпіш зауытын ашу Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысының күн тәртібіне бірнеше рет шығарылып, оны шешу жолдары қарастырылды.
None
None

Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобынан хабарлады.

Нәтижесінде, «Сыр Суы және К» ЖШС мен «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлікті қолдау корпорациясы ҰК» АҚ бірігіп, «Байсер кірпіш зауыты» ЖШС құрылды. Бұл инвестициялық жобаның мақсаты - жаңа кірпіш зауытын салу және жылына 3,5 миллионнан 8 миллион данаға дейін кірпіш шығару. ЗК-169/4 мекемеcі жанынан үстіміздегі жылдың 30 мамырында ашылған бұл зауытта қазір 21 сотталған азамат жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінгі күнге ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтейтін сотталғандарды жұмыспен қамту 100 пайызға жетті. Бұл кәсіпорын облыстағы құрылыс саласын қажетті, сапалы кірпіштермен қамтамасыз ететін болады. Бизнес жоспарға сәйкес 73 жұмыс орны ашылады, оның 61-і жұмысшы, 12-і инженер-техникалық мамандар. Жаңадан ашылған кірпіш зауытына негізінен ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандар жұмысқа алынбақ.

Соңғы жаңалықтар