16:45, 05 Мамыр 2011 | GMT +5
«Зұлымдықтың үш күшіне» қарсы тұру ШЫҰ-ның қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының маңызды мәні болып табылады - ҚХР СІМ
БЕЙЖІҢ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Лаңкестік Қытай және Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы бүгін кезекті баспасөз мәслихаты барысында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй мәлім етті.

Қытай дипломатының айтуынша, «зұлымдықтың үш күшіне» қарсы күрес Шанхай ынтымақтастық ұйымының қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының маңызды мәні болып табылады.
Одан кейін Цзян Юй ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастыққа қажетті құқықтық негіз құрғанын жеткізді. Ұйымға мүше елдердің сәйкес ведомстволары ауқымды іс-шараларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселелерінде тығыз ынтымақтастық орнатқан. «Ынтымақтастықтың осындай түрінің арқасында Бейжіңдегі Олимпиада ойындары ойдағыдай өтті, сондай-ақ Астанадаға саммит пен Шэньчжэнь қаласындағы Жазғы универсиада жоспардағыдай өтеді», - деп атап өтті ол.