Айбек Серікболұлы Нұғымаров
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаяны
Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық №1 олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы (2010)
Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ-нің аға нұсқаушы-әдіскері (2013–2019)
Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры (2019–2026)
Республикалық саяси кеңестің мүшесі
«AMANAT» партиясы саяси кеңесінің мүшесі
VII және VIII шақырылымдағы Абай облыстық мәслихатының депутаты
Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары (2026 жылдан бастап)
Білімі
Семей политехникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру» мамандығы
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң ғылымдарының магистрі
Марапаттары
Қазақстан Республикасының қазақ күресінен еңбек сіңірген спорт шебері
Дзюдодан спорт шебері
Самбодан спорт шебері
Қазақ күресінен Қазақстанның он дүркін чемпионы
Азияның төрт дүркін чемпионы
Әлем кубогының үш дүркін иегері
Қазақ күресінен әлемнің төрт дүркін чемпионы
«Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің төрт дүркін чемпионы
«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің үш дүркін чемпионы
«Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін чемпионы
«Құрмет» орденімен марапатталған (2017)
«Қажымұқан Мұңайтпасов», «Ұлы дала батыры», «Абай», «Шығыс қолбасшысы» медальдарының иегері (2016)
«Бүкіләлемдік қазақ күресіне үлес қосқаны үшін» медалімен марапатталған (2013)
«Жомарт жүрек» және «Алтын тұғыр» республикалық номинацияларының лауреаты