Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
АСТАНА. KAZINFORM — Осы апта еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында, сот саласында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды.
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы.1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері. 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Қарағанды облысының судьялар корпусына Қазақстан Президентінің Жарлығымен тағайындалған облыстық соттың жаңа төрағасы Ғалым Құлекеевті таныстырды.
Ғ. Батырбекұлы 1979 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген. 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.
Бұдан бөлек, Ақтөбе облысы соттарының ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызметке тағайындалған облыстық соттың жаңа төрағасы Әлібек Ахметов таныстырылды.
Ә. Молдабекұлы 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.
ҚР Президентінің Жарлығымен Нариман Бекназаров Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Н. Бекназаров 1982 жылы Жамбыл облысының Тараз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін, 2006 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған. 2020 жылдан бері Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.
Бұл аптада Төленді Қасымов Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы ретінде таныстырылды. Т. Тілеужанұлы 1973 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болды.
Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ержан Тоқтағұлов Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды.
1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы мемлекеттiк басқару академиясын, Халықаралық көлiктiк-гуманитарлық университетiн бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Хатепова ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Н. Хатепова 1990 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдап, бизнес және басқару магистрі дәрежесін алды. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
Осы аптада Нұрбол Байжанов Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
1993 жылы Ұлытау облысында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Тұран–Астана университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 2017 жылдан бері еңбек етеді. 2026 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарды.
Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Азамат Белқайыров Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Азамат Белқайыров 1990 жылы 10 маусымда Қостанай облысында дүниеге келген. 2012 жылы Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. 2024 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары болды.
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімі және өңір басшысының өкімімен Ақтоғай ауданының әкімі лауазымына Ернұр Әйткенов тағайындалды.
Ернұр Нұрмұханұлы 1965 жылы туған. Май ауданының тумасы. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары Май, Баянауыл, Аққулы және Тереңкөл аудандарын басқарды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты қызметін атқарды.
Бұдан бөлек, Әнуарбек Аманов Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Ә. Дүйсембайұлы 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2008 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Автомобиль және трактор жасау» мамандығы бойынша, ал 2020 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Мұнымен қоса, Асқар Ажмұрат Аққулы ауданының әкімі болып тағайындалды.
Асқар Қадырұлы 1976 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді, мемлекеттік қызметте 24 жылдан астам еңбек өтілі бар. Павлодар қаласында, Павлодар және Успен аудандарында басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ екі жылдан астам уақыт Павлодар облысының құрылыс басқармасын басқарды.
Талғат Рахманберді Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол осыған дейін Астананың Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған.
Ол еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып бастаған. Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының (Астана қаласы) қылмыстық процесс заңдылығы мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасында аға прокурор, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және өзге де қызметтерді атқарған.
Осы аптада Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі болып Нұрлан Әлімжанов тағайындалды.
Ол мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2023 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып бекітілді.
Бұл аптаның соңында «Әлем барысы» атанған балуан Айбек Серікболұлы Нұғымаров Аягөз ауданына әкім болды.
А. Серікболұлы Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру», Қазақ инновациялық гуманитарлық — заң университетін «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, аудан әкімінің міндетін атқарушы қызметінде болды.
Директорлар кеңесінің шешімімен Темірлан Рахатұлы Келдібаев пен Азат Қабдрашитов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Темірлан Келдібаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, сондай-ақ Барселонадағы Менеджмент жоғары мектебін бизнес әкімшілігі мамандығы бойынша MBA дәрежесіне ие.
Ал Азат Қабдрашитов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдаған, Сингапур Ұлттық университетінің стратегия және аналитика мамандығы бойынша MBA дәрежесін алған.
Kazenergy қауымдастығының жаңа төрағасы болып мұнай-газ саласы мен мемлекеттік қызметте көп жылдық тәжірибесі бар Серікқали Брекешев сайланды.
Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 — 2023 жылдары — Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, министрі.