Алексей Владимирович Цой
ҚР Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Өмірбаяны
Хирург-эндоскопист дәрігер, қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РМК (2001–2007);
«GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясының Астана қаласы бойынша аумақтық даму менеджері (2002–2004);
«Еуразиялық респираторлық қоғамының» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы (2006–2009);
ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазіргі медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК директоры (09.2007–2010);
ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының бастығы (саяси мемлекеттік қызмет), «МЦ УДП РК Вестник» журналының бас редакторы (04.2010–2011);
Астана қаласы әкімдігінің «№1 қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері (11.2011–12.2014);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі (30.12.2014–02.2017);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі (17.02.2017–02.2019);
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы (02.2019–06.2020);
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі (06.2020, қайта тағайындалды 18.01.2021–20.12.2021);
ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы (10.2022–14.10.2025);
Қазақстан Республикасының Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі (14.10.2025 бастап).
Білімі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы (2001) – дәрігер
«Данекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институты (2007) – заңгер
Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Корпоративтік басқару жоғары мектебі және Халықаралық бизнес академиясы (тыңдаушы, 2012–2015) – іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA)
Марапаттары
«Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі (29.05.2019)
Ғылыми және әдеби еңбектері, жарияланымдары:
20-дан астам ғылыми мақаланың авторы
Алексей Цой Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Қазақстандықтар депозит ашып, баласын университетте оқытуға ақша жинай алады
Алексей Цой: Қазақстан коронавируспен ауырған адамдар саны бойынша әлемде 110-орында тұр
188 мың адам Pfizer вакцинасын салдырды – Алексей Цой
Соңғы екі аптада елдегі коронавирус жұқтыру көрсеткіші 28% кеміген