Сәтқалиев

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы

Туған күні
31 қазан 1970, 55 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Еңбек жолын жеке секторда бастаған (1992 ж)

«ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті (1997-2001 жж)

«KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті (2001-2006 жж)

«KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры (2006-2007 жж)

ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары (2007 ж)

«KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды (2007-2011 жж)

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры (2011-2012 жж)

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы (2012-2018 жж)

«KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры (2018-2021 жж)

«Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы (2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін)

ҚР Энергетика министрі (2023-2025)

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы (18.03.2025 бастап)

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті (1992)

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Executive MBA бағдарламасы, Duke University’s Fuqua School of Business-мен бірлескен бағдарлама (2015)

Стэнфорд Университетінің Жоғары бизнес мектебі, Stanford Executive Program бағдарламасы (2016)

Марапаттары

Ордендер: «Құрмет» (2008), «Парасат», «Барыс» ІІІ дәрежесі (16.12.2021)

Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «10 жыл KAZENERGY қауымдастығы»

Атақтар: «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі», «Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы»

Ғылыми атағы:

Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының мұнай құбыр көлігіндегі инвестициялық жобаларды жоспарлау» (2002)

Экономика ғылымдарының докторы

Қазақстанның Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының (ҚазҰЖҒА) академигі

Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының (РЖҒА) шетелдік мүшесі

Фото