Атом саласының мамандары жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Астанада өткен Еуразиялық экономикалық форумды жоғары деңгейде өткізуге қосқан зор үлесі, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жолындағы еңбегі үшін бірқатар маман «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандар:
• Бибігүл Есілбайқызы Байғазина – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС топ жетекшісі;
• Әлидар Бағланұлы Жүнісбаев – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің басқарма басшысы;
• Гүлден Сәкен – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС департамент директоры;
• Қанат Саматұлы Тұяқбаев – Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің басқарма басшысы.
Наградаларды табыстау барысында басшылық марапат иелерінің жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және атом саласын дамытуға, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ маңызды мемлекеттік міндеттерді табысты іске асыруға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Мемлекеттік наградалардың табысталуы мамандардың еңбегі мен кәсіби жетістіктеріне берілген жоғары мемлекеттік бағаның айқын көрінісі болып табылады.
Осыған дейін еліміздің бейбіт атом бойынша ғылыми инфрақұрылымды күшейтетіні туралы жаздық.