Исабаев

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев

Жетісу облысының әкімі

Туған күні
4 желтоқсан 1962, 63 жаста
Туған жері
Қазақстан; Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры болды (1985-1994 жж)

Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары (1994-1997 жж)

ҚР Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры (1997-2000 жж)

ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды (2000-2002 жж)

ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, ҚР «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі (2002-2003 жж)

ҚР Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2003-2008 жж)

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды (2008-2009 жж)

ҚР Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2009-2019 жж)

ҚР Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (2019-2022 жж)

Жетісу облысының әкімі (2022 жылдың 11 маусымынан бастап)

Білімі

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985 ж)
Мамандығы - журналист

ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1999 ж)
Мамандығы - халықаралық қатынастар маманы

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2007 ж)

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальі (2005 ж)

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медальі

Құрмет грамотасы (2001 ж)

Фото