Дәурен Әскербекұлы Абаев

Дәурен Әскербекұлы Абаев

ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Туған күні
18 Сәуір, 1979
46 жас
Туған жері
Алматы облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік протоколы» кітабының теңавторы (2010)

 

Әскери қызметі, әскери және арнайы атақтары, сыныптық шендері:

  • Дипломатиялық дәреже — I сыныпты бірінші хатшы

Еңбек жолы

2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті ретінде бастады, кейін атташе, үшінші хатшы болды. 2003 жылы Әзербайжандағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 2003-2007 жылдары Нидерландтағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы, уақытша сенімді өкілі болды. 2007 жылы ҚР СІМ Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы ретінде тағайындалды

2007 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, протокол кеңесшісі, баспасөз хатшысының орынбасары, мемлекеттік инспекторы болды. 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы - кеңесшісі болды

2016 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды. 2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. 2022 жылдан 2023 жылға дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы наурыздан бастап ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды

2023 ж. 3 шiлдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Лейден университеті

Еуразия гуманитарлық институты

Марапаттары
  • «Құрмет» ордені

  • Еуразиялық экономикалық одақ дамуына қосқан үлесі үшін медаль (29.05.2019)

Фото