Ерболат Асқарбекұлы Досаев
ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Өмірбаяны
«Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы (1997 ж)
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі (1998 ж)
ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі (1998 ж)
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі (2000 ж)
Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы (2001 ж)
ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы (2001-2003 жж)
ҚР Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі (2003-2004 жж)
ҚР Денсаулық сақтау министрі (2004-2006 жж)
«Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы (2006-2012 жж)
ҚР Экономикалық даму және сауда министрі (2012 ж. 25 қыркүйектен бастап)
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі (2013 ж. 16 қаңтардан бастап)
ҚР Ұлттық экономика министрі (2014 жылғы 6 тамыз)
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы (2016 ж. мамырдан бастап 2017 ж. тамыз аралығында)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (2017 ж. тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығы)
ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы (2019 жылғы 25-ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығы)
Алматы қаласының әкімі (2022 жылғы 31 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 24 мамырына дейін)
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2025 жылдың 19 қыркүйегінен бастап)
Білімі
Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді (1987 ж)
Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді
Марапаттары
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
Ерболат Досаев Президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды
Досаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің құрамына енді
Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды
Алматыны тұрақты даму жолына шығаруға тырыстым - Ерболат Досаев алматылықтармен қоштасты