Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы
Туған күні
09 Желтоқсан, 1956
68 жас
Туған жері
Қазақстан, Атырау облысы, Исатай ауданы, Хамит Ерғалиев ауылы
Отбасы жағдайы
үйленген Клара Даумовна Беккулова
Туыстық байланыс
Тасмагамбетова Асель Имангалиевна (қызы)
Тасмагамбетова Софья Имангалиевна (қызы)
Нургали Нурсултан Имангалиулы (ұлы)
Тасмагамбетова Нурсулу Нургалиевна (әпкесі)
Тасмагамбетова Галия Нургалиевна (әпкесі)
Тасмагамбетов Курмангали Нургалиевич (ағасы)
Тасмагамбетова Рысты Нургалиевна (әпкесі)
Ракишев Кенес Хамитович (күйеу баласы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер

«Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңаруы: үрдістер мен басымдықтар» (1996), «Қазақстан: мемлекет пен қоғамның эволюциясы» (1996, теңавтор), «Қазақстан Республикасы Конституциясының түсіндірме сөздігі» (1996, теңавтор), «Әлеуметтік саясат және саяси трансформация» (1997), «Орталық Азия зергер шеберлерінің бұйымдары» (1997), «Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне 100 жыл (тарих және қазіргі заман)» (1999, теңавтор), «Пекиннен Астанаға дейін: астаналарды көшіру тарихы» (2001, теңавтор), «Сарайшық» (2002, теңавтор), «Кұлпытас» (2002), «Ұлы дала кентаврлары» (2005) кітаптарының авторы. 

Әлеуметтік-экономикалық даму және саясаттану мәселелері бойынша бірқатар ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы:

«Білім реформасы – қазақстандық қоғамды жаңғыртудың стратегиялық бағыты» (1995, 1997)
«Қазақстан – мемлекеттің және қоғамның эволюциясы» (1996)
«Қазақстанның әлеуметтік-саяси жаңаруы: үрдістер мен басымдықтар» (1996)
«Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі: үрдістер мен басымдықтар» (1996)
«Қазақстандағы денсаулық сақтау: 1965-1995 жж.» (1996)
«Медициналық экономикаға кіріспе» (1996)
«Саяси трансформация және қоғамның өтпелілігі мәселесі» (1997)
«Әлеуметтік масылдық саясаты және мемлекеттік дағдарыс» (1997)
«Әлеуметтік саясаттың мәні мен типологиясы» (1997)
«1996 жылғы әлеуметтік саланы реформалаудың қорытындылары және 1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің негізгі басымдықтары мен міндеттері» (1997)
«Қоғамдық трансформацияның саяси және әлеуметтік аспектілерінің өзара байланысы» (1997)
«Шектеулі ресурстар жағдайында әлеуметтік саланы дамыту стратегиясы» (1997)
«Қазақстандық саясаттану энциклопедиясы» (1998)
«Мемлекет басшылары: тарих және қазіргі заман тұрғысынан саяси портреттер» жинағының бас редакторы және авторлық ұжымының мүшесі (1998)
«Атырау облысының дамуындағы қаржылық мәселелер» (1999).

 

 

Еңбек жолы

Махамбет ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Гурьев облысы (1973-1974)

Махамбет орта мектебінің география және биология пәнінің мұғалімі, Гурьев облысы (1979)

Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Махамбет аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комсомол жұмысын ұйымдастыру кабинеті меңгерушісі, Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Гурьев облыстық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі (1979-1983)

Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Гурьев қалалық комитетінің бірінші хатшысы (1983-1985)

Қазақстан Коммунистік партиясы Гурьев қалалық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1985-1986)

Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1986-1988)

Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Орталық комитетінің жұмысшы жастары бөлімінің, жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бөлімінің меңгерушісі, Орталық комитеттің хатшысы (1988-1989)

Қазақстан Лениншіл коммунистік жастар одағы Орталық комитетінің бірінші хатшысы (12.1989-09.1991)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы (09.1991-08.1993)

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (08.1993-03.1995)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (03.1995-10.1997)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының білім және мәдениет министрі (17.03.1997-10.1997)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі (10.1997-09.1998)

Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі (09.1998-17.02.1999)

Атырау облысының әкімі (18.02.1999-14.12.2000)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (15.12.2000-27.01.2002)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (28.01.2002-11.06.2003)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы (13.06.2003-09.03.2004)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (10.03.2004-07.12.2004)

Алматы қаласының әкімі (08.12.2004-04.04.2008)

Астана қаласының әкімі (04.04.2008-22.10.2014)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі (22.10.2014 бастап; қайта тағайындау – 30.04.2015-09.2016)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (13.09.2016-02.2017)

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (02.2017-12.2019)

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы (01.2023 бастап)

Білімі

А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультеті (1979)

География және биология пәнінің мұғалімі

Философия ғылымдарының кандидаты, кандидаттық диссертация тақырыбы: «Әлеуметтік-аумақтық айырмашылықтарды зерттеудің дүниетанымдық аспектілері» (1990)

Саяси ғылымдар докторы, докторлық диссертация тақырыбы: «Өтпелі саяси жүйелерде әлеуметтік саясатты қалыптастыру стратегиясы (Қазақстан Республикасы мысалында)» (1998)

Марапаттары

«Парасат» ордені (1998)

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004)

Ресей Федерациясының «Достық» ордені

Мәскеудің қасиетті князі Даниил ордені

«Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (30.06.2008)

ЮНЕСКО-ның «Жібек жолы» медалі (2014)

«БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметіне қосқан елеулі үлесі және адалдығы үшін» тақтайшасы (05.12.2008)

Абай ауданының құрметті азаматы

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Құрмет грамотасы (17.07.2017)

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще