Мирас Қалиұлы Төлебаев
ҚР Туризм және спорт вице-министрі
Өмірбаяны
2008–2010 жылдары «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» АҚ-ның Корпоративтік даму және стратегиялық талдау департаментінде, Жоспарлау-экономикалық департаментінде бас маман, бас менеджер қызметтерін атқарды
2010 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінде Лицензиялау, лицензиядан кейінгі бақылау және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бірінші санатты сарапшысы болды
2010–2011 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетінде Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының сарапшысы қызметін атқарды
2011–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінде Мемлекеттік инспекция және рұқсаттар беру басқармасының, Лицензиялау және құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы болды
2014–2015 жылдары Қызылорда облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2015–2016 жылдары Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болды
2016–2017 жылдары жекеменшік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді
2017–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің Халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту басқармасының, Мониторинг және талдау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды
2022–2023 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары болды. Қызмет аясында ойын бизнесі мен лотерея қызметін үйлестіру, мемлекеттік бақылау және лицензиялау мәселелеріне жетекшілік етті
2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі қызметін атқарды
2025–2026 жылдары жекеменшік құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді
2026 жылғы 10 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі
Білімі
2008 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады
2012 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша бітірді
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады
2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады
Марапаттары
2020 жылғы 3 шілдеде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды
2023 жылғы 16 қазанда «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды