Мурат Абдуламитович

Мұрат Абдуламитұлы Әбенов

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Туған күні
20 тамыз 1965, 60 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық кенті
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Кеңес армиясының қатарында әскери міндетін өтеді (1984-1986)

Қызылорда қаласында С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектепте информатика және есептеуіш техника пәнінің мұғалімі (1990-1991)

Қызылорда қалалық білім беру бөлімінің кадр және негізгі қызмет инспекторы (1991)

Қызылорда қаласында 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1991-1992)

Қызылорда қалалық әкімшілігі қоғамдық пікірді болжау және баспа бөлімінің бас маманы (1992-1993)

Алматы қаласында «Атамекен» ЖШС директорының орынбасары (1993-1999)

Қызылорда облысы әкімі аппараты ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің консультанты (1999-2000)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы (2000-2002)

Қызылорда облыстық ішкі саясат департаментінің директоры (2002-2005)

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары (2005-2007)

Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (2007)

Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007-2011)

Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (2012-2013)

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы (2013-2016)

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары (2016-2017)

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновациялар комитетінің төрағасы (2017-2018)

«Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті (2018-2023)

Білімі

Қазақ мемлекеттік университеті им. С.М. Кирова (1987) – Математика пәнінің оқытушысы

Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты (1990) – Информатика пәнінің оқытушысы

Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2002) – Заңгер

Марапаттары

"Адвокатураны дамытуға қосқан үлесі үшін" медалі (05.12.2024)

Фото