Руслан Фатихұлы Жақсылықов
ҚР Экс-Қорғаныс министрі
Өмірбаяны
ҚР ІІМ ішкі әскерлері взвод командирінен бригада командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1987-2006 жж)
ҚР ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары (2006-2007 жж)
ҚР ІІМ ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Ішкі әскерлер бас штабының бастығы (2007-2008 жж)\
ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің қолбасшысы (2008 ж. қыркүйек)
ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы (2013 ж. қаңтар)
ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы (2014-2021 жж)
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары (2021 ж. қыркүйек)
ҚР Қорғаныс министрі (2022 ж. 19 қаңтар - 2025 ж. 8 маусым)
Білімі
И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі (1987)
Мамандығы: «Командалық-тактикалық»
М.В. Фрунзе атындағы Әскери академия (1996)
Мамандығы: «Командалық-штабтық жедел-тактикалық әскери барлау»
Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Бас штаб әскери академиясының жоғары академиялық курстары (2004)
Мамандығы: «Мемлекеттің әскери қауіпсіздігі»
Марапаттары
І дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені, Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің ордені және Қазақстан Республикасы, КСРО және ТМД медальдары.
Әскери атағы:
Генерал-лейтенант (2014 жылдың 6 мамыры)
Генерал-полковник (2022 жылдың 6 мамыры)
Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары болды
Руслан Жақсылықовты қамауға алды деп хабарлағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Бас прокурордың орынбасары Руслан Жақсылықовтың «ұсталуы» туралы пікір білдірді
Жақсылықов Қорғаныс министрі ретінде қандай қызметімен есте қалмақ
Қорғаныс министрі парадқа дайындықты тексерді