Бас прокурордың орынбасары Руслан Жақсылықовтың «ұсталуы» туралы пікір білдірді

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жөнінде тараған мәліметке қатысты пікір білдірді.

Руслан Жақсылықов
Фото: gov.kz

Мәжілістің жалпы отырысы алдында журналистер Әсет Шындалиевтен осы оқиға туралы сұраған болатын. 

- Кеше Жақсылықовтың өзі пікір білдірді емес пе? Бізде қандай да бір іс немесе басқа да шаралар жүргізілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ондай мәліметтер қолымда жоқ, - деді ол.

Еске салсақ, 8 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов қызметінен кеткен болатын. 

Ал кеше кейбір БАҚ пен телеграм-арналар оның қамауға алынғаны туралы ақпарат таратып, кейін экс-министрдің өзі оны теріске шығарған.

Соңғы жаңалықтар