Сейілбек Серғазыұлы Нұрымбетов

Сейілбек Серғазыұлы Нұрымбетов

ҚР СРИМ Комитетінің төрағасы

Туған жері
Қызылорда облысы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2006 жылы Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің жетекші маманының міндетін атқарушы

2010-2011 жылдары — «Қызылорда Су шаруашылығы» КММ инженері

2011-2020 жылдары — Қызылорда облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, басшысы

2020-2023 жылдары — су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы

2023 жылы — ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары

2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің жоба жетекшісі

 

Білімі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

К.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясы – Ресей мемлекеттік аграрлық университеті 

Фото