Талғат Абайұлы Рахманберді
Туған күні

Талғат Абайұлы Рахманберді

Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі
Туған күні
24 Ақпан, 1984
42 жас
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Түрікше
Еңбек жолы

2001 жылы жастар істері жөніндегі төраға ретінде бастады

Кейін еңбек жолын 2004 жылдан бастап «Жамбыл облысының студенттер мен жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінде жалғастырды (Тараз қ.)

Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды, ҚР Бас прокуратура Институтының (Астана қ.) қылмыстық процестің және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасында аға прокурор, «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және т. б. қызметтерін атқарды

08.04.2016 - 31.03.2019 – Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары

01.04.2019 - 22.07.2019 – «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары

23.07.2019 - 25.08.2019 – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі

26.08.2019 - 26.03.2020 – «Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы» ММ басшысы

27.03.2020 - 12.04.2023 – «Астана қаласының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы

14.04.2023 - 17.10.2023 – Астана қаласы әкімінің кеңесшісі

18.10.2023 – осы уақытқа дейін – Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі

Білімі

2006 жыл – А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Мамандығы: Құқықтану

2013 жыл – Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті

Мамандығы: Экономика

2021 жыл – «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы бойынша Пенсильвания штатының университеті (Pennsylvania State University)

Мамандығы: Құқық

2024 жыл - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Мамандығы: Құрылыс

Фото
Архив казинформ
Посмотреть еще