Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров
Тұңғыш қазақ ғарышкері
Өмірбаяны
1962-1965 жылдары Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болып жұмыс істеді.
1965 жылы комсомол камитетінің жолдамасымен Краснодардағы Армавир ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищесіне оқуға түсіп, оны 1969 жылы бітіреді
Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр Шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары қызметінде (1969-1975) болды
1976-1992 жж. Мәскеудегі А.И. Микоян ат. Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы
Ә. МиГ-29, МиГ-31, дыбыстан жылдам ұшатын МиГ-23, МиГ-25, МиГ-27 әскери ұшақтарын және оның түрлі модификацияларын сынақтан өткізуге қатысып, Кеңес Одағында тұңғыш рет МиГ-31Б ұшағымен әуеде 2 рет жанармай құйдырып, жерге қонбай солтүстік полюске ұшу сапарын 1988 жылы ерлікпен орындады. Ал 1989 жылы ол бірінші болып авиатасушы крейсердің алаңқайына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды.
1990 ж. ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 ж. 2 сәуірде Ю. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісті. Ә. 45 жасында ғарышкер атанды. Ол – Кеңес Одағының соңғы, № 72, және Қазақстанның алғашқы, №1 ғарышкері
1991 ж. 2 қазан күні ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа ұшты
Ғарышқа көтерілгенде оның экипажында ғарышкерлерден А. Волков, Ф. Фибек болды. Ғарышта «Союз ТМ-13» кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды
Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті
1991 ж. 10 қазанда ғарышкерлер Т. Әубәкіров, А. Арцебарский, Ф. Фибек Жер бетіне оралды. Ә. Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 1-орынбасары (1992-1993)
ҚР Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры
Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары (1993-1994)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (1994-1995)
1996 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі
ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары
2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Қазіргі таңда – «Тұран-Астана» Университеті қамқоршылық кеңесінің төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Президентінің кеңесшісі
Білімі
Армавир жоғары әскери авиация қызылтулы ұшқыштар училищесі (1965–1969) — әскери ұшқыш-инженер
Авиация өнеркәсібі министрлігінің ЛИИ ұшқыш-сынақшылар мектебі (05.1976) — 3-сыныпты ұшқыш-сынақшы
Мәскеу Ордені Ленин атындағы авиация институтының (МАИ) С. Орджоникидзе атындағы Жуков филиалының кешкі бөлімі (1979) — инженер-аэрогидродинамик
Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлау орталығы (1991) — ұшқыш-ғарышкер-сынақшы, сынақшы
КСРО-ның ұшқыш-ғарышкері (1991)
Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері (1991)
Марапаттары
Ғылыми атақтары мен қызметі:
Техника ғылымдарының докторы (1998)
Көкшетау университетінің профессоры (1997)
Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының құрметті академигі (1997)
Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясының (ААА) құрметті профессоры (10.2006)
Қазақстан:
«Халық қаһарманы» атағы
Алтын Жұлдыз медалі (1995)
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
«Отан» ордені (1995)
Көкшетау қаласының құрметті азаматы
Кеңес Одағы:
Құрмет Белгісі ордені («Знак Почета») (1987)
Кеңес Одағының Батыры атағы (1988)
Алтын Жұлдыз медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988)
КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)
КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)
Қазан төңкерісі ордені («Октябрьской революции») (1991)
Австрия Республикасы:
«Алтын Крест» ордені (1988)
«Алтын Крест» ордені (1993)