Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы
Өмірбаяны
Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, прокурор, аға прокурор, ҚР Бас Прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі (2001-2010)
ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Төрағасының кеңесшісі, Тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаменті бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы (2012-2014)
ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі (2014-2016)
ҚР Бас Прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, директоры (2016-2018)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары (2018-2019)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (2019 жылдың қаңтар-шілде айлары)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы (2019-2021)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы (2021-2022)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының орынбасары (07.03.2022-05.04.2023)
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы (05.04.2023 бастап)
Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2000 ж)
Марапаттары
II дәрежелі «Айбын» орденімен, мерейтойлық және ведомстволық наградалармен марапатталған
Әскери атағы: Жоғары біліктілік санаты, 3-категория (06.05.2022)
Асхат Жұмағали Бас прокурордың орынбасары болды
Жемқорлықпен күрес. Қазақстан неліктен Грузия жолымен жүрмейді
Асхат Жұмағали Transparency International жайлы: 39 балл — тарихтағы үздік позиция
Шешімді қорықпай қабылдау қажет — Антикор басшысы шенеуніктер жайлы
Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысы бар 660 шенеунік әшкере болған