Сирек кадрлар: Кемел Тоқаев пен қазақ қаламгерлері Қызылордада
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 1983 жылдың көктемінде Қызылорда облысы ауқымды мәдени шараның орталығына айналды. Мұнда қазақ кеңестік әдебиетінің күндері өтті. Қазақ әдебиетінің үздік өкілдерімен жүздесуді асыға күткен қызылордалықтар жазушылар делегациясын ыстық ықыласпен қарсы алды. Бұл тарихи сәт тек газет беттерінде ғана емес, сирек кездесетін фотосуреттерде де сақталып қалды.