Жанды тербеген естеліктер: Әлия Молдағұлованың портреті

АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform агенттігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы архив суреттері мен олардың «жанданған» нұсқаларын ұсынады.

Алия Молдагулова
Фото: Kazinform

Бұл — Кеңес Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың портреті. 

Ол соғыс кезінде Екінші Балтық майданының 22-ші армиясына қарасты 54-ші атқыштар бригадасында қызмет етті. Ефрейтор шенінде болған. Ә. Молдағұлова 78 жау сарбазы мен офицерін жойған.

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай Президент Телерадиокешені ерекше жобаны іске қосты. Kazinform агенттігінің фотомұрағатындағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кезінде түсірілген сирек суреттер жаңа технология көмегімен түрлі түске боялып, қимылдайды.

Жоба еліміздің теміржол вокзалдары мен әуежайларындағы LED экрандардан көрсетіледі.

Ал 5 мамырда Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалында «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолдауымен «ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫ. KAZINFORM ФОТОШЕЖІРЕСІ» атты фотокөрме ашылады.

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова музейі жаңарды. Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл және Жеңістің 80 жылдығына орай музей іші заманауи технологиялармен қайта жабдықталды.

Соңғы жаңалықтар