Ана мен бала денсаулығы: перзентханалар қашан замана талабына сай жаңартылады
АСТАНА. KAZINFORM —2026 жылдың мамырында Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ал жыл басынан бері халық саны шамамен 50 мың адамға өскен. Демографиялық өсімге елдегі ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы әсер етеді. Бұл салаға қатысты сын-пікір мен қоғам талқысы әлі де толастаған жоқ. Жүкті аналардың бірі перзентханалардың материалдық-техникалық базасы ескіргенін алға тартса, енді бірі ақылы медициналық қызметтердің қымбат екенін айтады. Осыған орай, мәселенің мән-жайын зерттеп көрдік.