Ақмол және Қаражар ауылдарына тасқын судан төнген қауіп сейілді

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ТЖД

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Целиноград ауданының Ақмол және Қаражар ауылдарына тасқын судан төнген қауіп сейілді.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуірде Целиноград ауданының Ақмол және Қаражар елді мекендері арасында орналасқан АЛВА лиманды суару жүйесінің бөгеті тұсында қатты толқынның салдарынан су толып кеткен.

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Бөгетті нығайтуға ТЖД жеке құрамы мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, сондай-ақ Қаражар және Қараөткел ауылдарының тұрғындары да көмектесіп, судың бөгеттен асып, тасуына жол берілмеді. 

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ТЖД

«Сәуірдің 15-дегі жағдай бойынша елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде АЛВА лиманды суару жүйесінің бөгетінде 60 адамнан тұратын Мемлекеттік күзет қызметі отрядының күшімен бөгеттің ішкі бөлігін қапшықпен нығайту жұмыстары қолға алынған», - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Молдаханов.

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Айта кетсек, бұдан бұрын Жабай өзеніндегі су деңгейі жарты метрге төмендегенін жазған едік.

тасқын су
Фото: Ақмола облысы ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар