Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

жол апаты
Фото: Pixabay

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Ақмола облысында «Екатеринбор-Алматы» тасжолында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 28 сәуірде сағат 23.51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында, яғни «Екатеринбор-Алматы» автожолының 1099-шақырымында болған. 

Анықталғандай, Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарған «Mercedes-Benz E200» автокөлігімен Жақсы ауылынан Астана бағытында шыққан «ВАЗ-2107» машинасына соқтығысқан.

«Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза тауып, екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды», — деді ведомстводан. 

Еске салайық, бұдан бұрын «Екатеринбор-Алматы» жолында жайылған жылқылар жол апатына себепші болған еді.  

Соңғы жаңалықтар