Екатеринбор-Алматы жолында жайылған жылқылар жол апатына себепші болды

ДТП
Фото: pixabay

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» жолында жайылып жүрген алты жылқыны көлік қағып кетті.

Ақмола облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты сәуірдің 9-да сағат 04:10 «Екатеринбор-Алматы» жолының 127 шақырымында болған.

«Көкшетау бағытында жүріп келе жатқан «Lexus RХ-450» көлігінің жүргізушісі жолдың үстіне шығып кеткен 6 жылқыға соғылды. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, көлікке мехникалық зала келді. 62 жастағы жылқышыға қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы «ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын «Астана-Петропавл» тас жолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар