«Астана-Петропавл» тас жолында екі жүк көлігі соқтығысып, бір адам көз жұмды

жол апаты
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының аумағында «Астана-Петропавл» тас жолында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан бір адам көз жұмып, бір адам ауруханаға түсті.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 2024 жылдың 1 сәуірінде сағат 20:58 шамасында «Астана-Петропавл» автомобиль жолының 112 шақырымында болған.

жол апаты
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Алдын ала анықталғандай, Көкшетау бағытында жүріп келе жатқан «DAF» жүк көлігі ешқандай танымдық белгілері мен авариялық дабылы жоқ жолдың шетінде тұрған «КамАЗ» көлігіне соғылған. Салдарынан «КамАЗ» көлігінің 56 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Ал «DAF» көлігінің 44 жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Степногор маңында жантүршігерлік жол апаты орын алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар