Степногор маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Өрт
Фото: Kazinform

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысының Степногор қаласы маңында жантүршігерлік жол апаты орын алды, зардап шеккендер бар.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеожазбада оқиғаның «Степногор – Заводской» автожолында болғаны айтылады. Жол апатына ұшыраған көліктің бірі жанып жатса, енді бір көліктен құтқарушылар мен оқиға орнына табылған адам адамдарды құтқаруға әрекеттенуде.

Бейресми деректер бойынша полициядан қашқан «Тойота Ланд Крузер 200» көлігі «Ауди» көлігімен бетпе бет соқтығысқан. Видеода атылған қарудың дауысы естіледі. Оқиға орнынан табылған адамдар жол апатынан қаза болғандар бар деп отыр. 

Өрт
Фото: Kazinform

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Жол-көлік оқиғасы орын алған жерде полиция қызметкерлері жұмыс үстеуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен бірге, оқиға орнына Ақмола облысы ПД бастығы шықты», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, үшеуі зардап шеккенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар