Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті

Жол апаты
Фото: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM - Ақмола облысында жол апатынан 1 адам көз жұмды, үшеуі зардап шекті. Полиция сотқа дейінгі іс қозғап, тергеу амалдарын бастап кетті.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы наурыздың 18-де сағат 07:00 шамасында «Екатеринбор-Алматы» тас жолының 1346 шақырымында болды. 

Алдын ала анықталғандай, Астана бағытындағы «Hyundai Sonata» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бір бағытта жүріп бара жатқан «Газель» автокөлігімен соқтығысқан. 

Салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы алған дене жарақтынан көз жұмды, тағы үш адам жарақат алды, оның екеуі «Hyundai Sonata» көлігінің жолаушысы мен «Газель”-дің 37 жастағы жүргізушісі. 

«Қазіргі кезде, осы оқиға байланысты сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды», — деді ведомстводан. 

Еске салайық, Ақмола облысында есірткіге масайған жүргізуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар