Ақтауда 52 жастағы тұрғын адам қолынан қаза тапты

Өлім
Фото: None

АҚТАУ. KAZINFORM – Бүгін таңда Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды.

Анықталған дерек бойынша, марқұм азаматша 1972 туған. Ол Ақтау қаласындағы 14 шағын аудандағы көп қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде тұрған. Көршілерінің сөзінше, бүгін таңда аталған үй тұрғындары төменгі қабатта болған өрттен оянған көрінеді.

«Таң атып келе жатқан бәріміз далаға шықтық. Себебі, аулаға өрт сөндіру көлігі мен полиция келген еді. Білуімізше, бұл қызмет өкілдерін өрт болған пәтермен іргелес көршілердің бірі шақырды. Ал марқұм әйелді өзінің заңды некеге тіркелмеген күйеуі өлтірген деген күдік бар», — дейді көршілерінің бірі.

Оқиғадан кейін полиция қылмыстық іс бойынша күдіктіні бірде ұстағанын мәлімдеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаменті тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», — деді облыстық ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.

Бұған дейін Ақтауда көлік дөңгелегін жөндеу цехында өрт шығып, екі адамды күйік шалған болатын. Кейін дәрігер олардың жағдайының мүшкіл екенін атады. 

Соңғы жаңалықтар