Ақтөбеде құрылыс материалы қоймасындағы өрт сөндірілді

Ақтөбеде құрылыс материалы қоймасындағы өрт сөндірілді
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласы құрылыс материалы қоймасындағы өрт ауданы 650 шаршы метрге жетті. Өрт сөндіруге 10 техника жұмылдырылды.

Құрылыс материалы қоймасындағы өртті сөндіруге 60 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қалалық ТЖБ Алматы ауданы ТЖБ-ның бастығы Аслан Арзымбетовтің айтуынша, адамдар дін аман, ешкім зардап шекпеді.

Айта кетейік, өрт сағат 19:55 шамасында тіркеліп, сағат 21:33-те сөндірілді.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында тауардың жануына жол берілмеді. Өрт алаңы – 650 ш.м. Өрт шығу себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, өрт кезінде полиция аумақты қоршауға алып, көлік жүрісін шектеді.

Соңғы жаңалықтар