Ақтөбеде құрылыс материалдарын сақтайтын қойма жанып жатыр

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе қаласы Шығыс базары маңында құрылыс материалы сақталған қойма өртеніп жатыр.

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнында өрт сөндірушілермен қатар Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Әзірге өрт шарпыған аумақтың ауданы белгісіз. 

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Дегенмен Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде өткір иіс бар.

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Әрі қара түтін аспанды басып қалды.

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Сағат 20:40–та әлі де ашық жалын көрінеді.

Мұнда полиция жолдарды бөгеп, өрт сөндіру көліктерінің кедергісіз жұмысына жағдай жасалған.

өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
өрт
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар
telegram