Атырауда әскери міндетті азаматтар Жайық жағалауын бекітуге шақырылып жатыр

Атырау облысы
Фото: Атырау гарнизоны

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырауда мобилизация жарияланып, әскери міндетті азаматтар Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмысына шақырылды.

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, әскери міндетті азаматтарды 20 сәуірде жағалауды бекітуге шақыру басталған.

«Аумақтық қорғаныс батальонының бригадасына Атырау қаласы мен 7 ауданнан әскери міндетті 78 азамат шақырылды. Оларға Атырау қаласындағы Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Бұл аумақта бұрын еріктілер бөгет көтерген еді. Қазір әскери міндетті азаматтар сол бөгетті биіктету, нығайту жұмысына жұмылды. Олар 29 сәуірге дейін бөгетті бекітуді жалғастырады», - деді батальон командирі Руслан Спанов.

Еске сала кетелік, Атырау облысында жағалауға 2,7 млн құм толтырылған қап төселгенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар