«Белдеу және жол» форумында 97,2 млрд долларға келісім жасалды – Қытай Төрағасы

бір белдеу бір жол
Фото: Ақорда

«Бір белдеу, бір жол» форумында іскерлік конференцияға қатысушылар жалпы сомасы 97,2 млрд долларға ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Бейжіңде өткен жоғары деңгейдегі «Белдеу және жол» ІІІ форумының ашылуында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«Осы форум аясында өткен бас директорлар конференциясында 97,2 млрд долларға ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды», - деп атап өтті Си Цзиньпин.

Атап өтуінше, Қытай «жасыл» инфрақұрылым, «жасыл» энергетика және «жасыл» көлік сынды салаларда ынтымақтастықты тереңдетуді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясындағы Халықаралық жасыл даму одағына қолдауды күшейтуді жалғастырады.

17-18 қазан күндері Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» ІІІІ форумы өтіп жатыр. Оған 150-ден астам елден 4 мыңнан астам делегат қатысуда. Оның ішінде 20-дан астам мемлекеттің басшылары бар.

Шара аясында 150-ден астам мемлекет пен 30-дан астам халықаралық ұйым ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды.

Еске салайық, Қазақстан Президентінің Бейжіңге ресми сапарының екінші күні «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының III форумының ашылу рәсіміне қатысудан басталды.

Қ.Тоқаевтың Қытайға ресми сапары 17 қазанда басталды. 

Соңғы жаңалықтар