Франция Мәскеудегі терактіден кейін лаңкестік қауіптің жоғары деңгейін енгізді

Франция
Фото: Reuters

ФРАНЦИЯ. KAZINFORM — Француз үкіметі Мәскеуде жұма күні болған терактіден кейін елге төніп тұрған ықтимал қауіптерге байланысты ұлттық террорлық дабыл жүйесінің ең жоғары деңгейін іске қосу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Синхуа агенттігі.

Франция президенті Эммануэль Макрон Мәскеудегі терактіден кейін жексенбі күні кешке Елисей сарайында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп жазды елдің премьер-министрі Габриэль Атталь Х әлеуметтік желісінде. - ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) тарапынан болуы мүмкін шабуыл мен елімізге төніп тұрған қауіпті ескере отырып, біз Вигипират деңгейін ең жоғары деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылдадық, өйткені шабуыл қаупі өте жоғары.

Жұма күні Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласындағы Crocus City Hall ғимаратында болған теракт салдарынан кем дегенде 137 адам қаза тапты. Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні теледидар арқылы халыққа үндеуінде 24 наурызды ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Соңғы жаңалықтар