Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр

өрт
Фото: Whatsapp желісінен алынды

АТЫРАУ. KAZINFORM – Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында қамыс өртеніп жатыр. Облыстық жедел штабтың мәліметіне қарағанда, қамыс өрті бүгін, 11 сәуір тұтанған. Бұл туралы сағат 15:00-де белгілі болған. 

«Атырау қаласындағы Тасқала ауылынан Каспий теңізі бағытына қарай 20 шақырым қашықтықта қамыс өртеніп жатыр. Қазір жалын шарпыған аумақ анықталуда. Қамыс өртінен елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ», - деп мәлім етті облыстық жедел штабтан. 

Каспий жағалауындағы қамыс өртін сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылған. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Ресейдің Астрахан облысында жанған қамыстың жағымсыз иісі Атырауда сезілген еді. 

Соңғы жаңалықтар