Құлсарыда дезинфекциялау жұмыстары басталды

распыление веществ
Фото: Александр Павский/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Атырау облысы Құлсары қаласында тасқын су салдарымен күрес жұмыстары жалғасып жатыр.

«Атырау облысының Құлсары қаласында мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 20 үйден су сору жұмыстарын жалғастырылуда. Төтенше жағдайлар министрлігінің 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Құлсары қаласында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Кеше Құлсары қаласында 100-ден астам үй әлі де су ортасында тұрғаны туралы хабарлаған едік. 

Бұған дейін Құлсары қаласынан бір күнде 975 тонна қоқыс қалдығы шығарылғаны айтылды. 

Айта кетейік, Құлсары қаласында тұратын 3 мыңнан астам оқушы жазғы лагерьлерде демалады

Соңғы жаңалықтар