Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдірді

канело
Фото: Sports.kz

АТЫРАУ. KAZINFORM – Мексикалық боксшы Канело Қазақстандағы су тасқынына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды.

«Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау және Орал, біз сіздермен біргеміз», - деп жазды танымал боксшы.

Еске салсақ, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш мәрте жекпе-жек өткізген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары орта салмақта өткен еді. Соңғы нүктесі 2022 жылы 18 қыркүйекте қойылды

Канело
Фото: Канелоның Instagram парақшасынан алынды

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды.

Ал, кеше Атырау облысына 1 мыңнан астам әскери қызметші көмекке келді.

Соңғы жаңалықтар