«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

2024 жылғы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй бағдарламалары
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды.

«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінімді «Baspana Market» жылжымайтын мүлік порталында (otbasybank.kz) беруге болады. Өтінімдерді қабылдау 25 сәуірден 30 маусымға (2024 жыл) дейін жалғасады. Өтінім беру уақыты мен күні маңызды емес. Отбасы банкі салымшыларының бағдарламаға қатысуға өтінім беруіне екі ай уақыты бар», - делінген банктің Instagram парақшасында.

Бұған дейін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының іске қосылатыны туралы хабарлаған едік. Оның талаптарымен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Еске сала кетейік, биыл 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы баспана жұрттың тұрмыс сапасын танытатын тағы бір маңызды көрсеткіші дей келе, елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керектігін айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар