Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының ойындары қай телеарнадан көрсетіледі
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизиондағы ойындарын қазақстандық қай телеарнаның көрсететіні белгілі болды.

Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі

11 мамыр. 15.20. Қазақстан - Франция

12 мамыр. 15.20. Қазақстан - Словакия

14 мамыр. 19.20. Қазақстан - Латвия

16 мамыр. 19.20. Қазақстан - Швеция

17 мамыр. 19.20. Қазақстан - Германия

19 мамыр. 19.20. Қазақстан - АҚШ

20 мамыр. 23.20. Қазақстан - Польша

Еске салсақ, ұлттық құрама елордада өткен Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресейге 0:1, Беларуське овертаймда 4:5 есебімен жеңілді.

Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Алғашқы ойынын Қазақстан құрамасы 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Соңғы жаңалықтар