Qazaqstan Hockey Open: Қазақстан құрамасы Беларусьтен овертаймда жеңілді

Қазақстан құрамасы
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Астанада басталған шайбалы хоккейден Qazaqstan Hockey Open турнирінде Қазақстан құрамасы Ресейге есе жіберді.

Кездесу барысында Беларусь хоккейшілері белсенділік көрсетті. Олар бірінші кезеңде қатарынан үш шайба соғып кетті. Алғашқы шайбаны Александр Скоренов небәрі 10 секундта соғып кетсе, Александр Скоренов 11 және 19-минуттарда мергендік танытты.

Екінші кезеңде қазақстандық Кирилл Панюков 21-минутта есеп айырмасын қысқартса, беларусьтік Игорь Мартынов 23-минутта басымдықты арттыра түсті.

Ал қазақстандық Әділ Бекетаев 32, Роман Старченко 42, Леонид Метальников 54-минуттарда шайба соқты.

Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Виталий Пинчук жеңіс голын соғып, Беларусь құрамасы басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер 2021 жылдан бері элиталық дивизионда ойын көрсетіп келеді.
Ел құрамасы 10 сәуірден бастап елордада өтетін элиталық дивизиондағы әлем чемпионатына дайындыққа кіріскен болатын. Оқу-жаттығу жиынына шетелдік және отандық клубтарда ойын көрсететін хоккейшілер шақыру алған.

Әлем чемпионаты 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді. Топтық кезеңде ұлттық құрама АҚШ, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция және Польшамен сынға түседі.

Алғашқы ойынын 11 мамырда Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы аталған турнирде Ресейге есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар